Басты Жаңалықтар Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрады

Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрады

Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен еркін сауда аймағын құрады

Бұл туралды Астанада өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру - біз үшін Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттеріне шығатын көпір болмақ. Ертең осы маңызды шараға орай, елімізге Вьетнам Премьер-министрі арнайы келеді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі жиында Бурабайда өтетін Еуразиялық одақ елдері Премьер-министрлерінің Үкіметаралық кеңесінде талқыланатын мәселелер нақтыланды.

Атап айтқанда, одақтың жұмысы, өзара сауда-экономикалық қатынастар жайы, оның ішінде салаарлық мәселелерге қатысты ауылшаруашылық техникаларын бірігіп шығару, жеңілөнеркәсіп, жүк тасымалы, алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты түйінді мәселелер талқыланды.

 

Нұргүл САҒИТҚЫ

Бөлісу