Жаппас Қаламбаев бейнесі - Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаппас Қаламбаев бейнесі - Ұлттық арнада

22.02.2014
Жаппас Қаламбаев бейнесі - Ұлттық арнада
Қазақтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға - Жаппас Қаламбаев.
 
Ол  1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облы­сы, Созақ ауданында дүниеге келген.
 
Жаппас Қаламбаевтың қыл­қобызда орындаған «Жезкиік», «Қасқыр», «Мұңлық-Зарлық», домбырада орындаған «Тоғыз тарау», «Жұман», «Аққу» күйлері мен өзінің «Марш» күйі, «Кең өлке» әні, «Күй толғау» романсы қазақ музыкасының алтын қорына қо­сыл­ған айтулы шығармалар.
 
«Оның шығармашылығының негізгі ерекшелігі - Қорқыт пен Ықылас, Сүгір күйлерін қобыз ша­нағы­на түсіріп, қайта жаңғыртып жеткізе білуінде».
 
Қобызшы, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері туралы бүгін 16.35-те Ұлттық арнаның «Жарқын бейне» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу