«Гитараның түп негізі жетігеннен шыққан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гитараның түп негізі жетігеннен шыққан»

20.02.2014
«Гитараның түп негізі жетігеннен шыққан»
Гитара үні қазақ эстрадасына өзгеше сарын, жаңа леп әкелді. Қорабай Есенов, Табыл Досымов, Зәмзәм Дәуітовтер және тағы басқалар итарамен қазақ әнін жүректен-жүрекке жеткізді.
Қорабай Есенов «Гитараны қазақтың төл аспабы деп бағалаймын. Шындығында, гитараның түп негізі қазақтың ұлттық аспабы – жетігеннен шыққан. Екеуінде де жеті шек. Жетеуі қосылып, жүрек қылын нәзік шертетін саз тудырады», деген екен.
 
Ал әнші Ұлықпан Жолдасов та әлемнің түкпір-түкпірінен сатып алынған гитараның түр-түрі бар. Ол үшін бұл аспаптың орны бөлек. Арнайы музыкалық білімі болмаса да, гитара үнін бір арнаға тоғыстырудың шебері.«Гитараны қолыма алғалы бір жылдан соң 40 жыл толады», дейді ол.
 
«МузАРТ» тобындағы бас гитарашы Ерлан Құлахмет  «Сөзбен жеткізе алмайтын сезімді гитара үнімен жеткіземін», дейді. Оның композицияларындағы басты ерекшелік – ұлттық нақыштағы әуен. Болашақта гитарамен ән айту жоспары да бар.
 
Одан бөлек, қазақ сахнасынан гитара үнін төгілткен Гүлмира Ақүрпекова, Баян Нұрмышева, Гаухар Әлімбекова халық көзаймына айналған әншілер.

Хабарламаларға жазылу