Шымкенттегі Арбатта Елбасының сүйікті әндері шырқалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі Арбатта Елбасының сүйікті әндері шырқалды

02.12.2020

Шымкенттің орталығындағы Арбатта Елбасының сүйіп орындайтын әндері шырқалды. 

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған шағын концертте «Үш қоңырдан» бастап «Сәулем-ай», «Беу-айдай» секілді халық әндері орындалды. Сондай-ақ өнерпаздар гитараның сүйемелдеуімен орыстың «На заречной улице» әнін де нақышына келтіре әуелетті. Ырғаққа ілесіп, Арбат бойына әп-сәтте біраз адам жиналды.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу