Астанада AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру - «100 нақты қадамдағы» міндеттердің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру - «100 нақты қадамдағы» міндеттердің бірі

26.05.2015
Астанада AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру - «100 нақты қадамдағы» міндеттердің бірі

Елбасы жариялаған бес реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадамды» рет-ретімен назарларыңызға ұсынуды жалғастырамыз.

2-ші реформа - Заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы реформада белгіленген міндеттер төмендегідей:

22-ші қадам. Тергеу судьясының өкілеттілігін кеңейту арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету.

23-ші қадам. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін жүргізуді құру. Жоғарғы сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру.

24-ші қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру.

25-ші  қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан халықаралық кеңес құру.  

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу