Басты Жаңалықтар Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді

Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді

Астананы Дубай мен Сингапур секілді халықаралық инвестициялық орталыққа айналдыруға мүмкіндік бар. Мұндай пікірді америкалық кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Шринивасан Сингапурда өткен The Network State Conference форумында айтты. Coinbase криптобиржасының бұрынғы техникалық директоры Қазақстан астанасын көрікті, таза әрі күтімі жақсы қала деп бағалап, инвесторларды Alatau City жобасына қаржы салуға шақырды. Форумға Ethereum негізін қалаушылардың бірі Виталик Бутеринді қоса алғанда әлемдік криптоиндустрия өкілдері қатысты. Іс-шараға шамамен 3,5 мың адам келген.

Бөлісу