Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келгенін мәлімдеді. Киев бұл қадамды қолдайтынын білдірді. Ал Мәскеу әзірге үнсіз. Дегенмен президент Владимир Зеленский Трамптың мәлімдемесінен кейін Ресей Украинаның энергетикалық нысандарына соққы бергенін хабарлады.

Хуситтер әр-Рияд әуежайына қайта соққы берді

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының астанасы әр-Риядтың халықаралық әуежайына соңғы екі күнде екінші рет соққы беріп, 1 адамды мерт қылды. 11 адам жараланған. Ал сенбіде хуситтердің соққысынан дәл осы әуежайда 13 адам қаза тауып, 308-і жараланды. Олар бұл шабуылдарды Йемен әскеріне Сауд Арабиясы көмектесіп жатқаны үшін бастағанын хабарлады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Түркияда автобус жүк көлігімен соқтығысты

Түркияда автобус жүк көлігімен соқтығысты. Апаттан 11 адам қаза тауып, 27 адам жараланған. Оқиға елдің Маниса провинциясында болды. Алдын ала болжамға сай, жүк көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетсе керек. Дегенмен апаттың нақты себебі әзірге жария етілген жоқ.

Көне базар түгел өртеніп кетті

Франция астанасы Париж орталығында 17 ғасырда салынған базар түгел өртеніп кетті. Түнде басталған жалын базардың мың шаршы метр аумағын шарпыған. Көнеден келе жатқан,әрі туристер мен жергілікті тұрғындар арасында танымал орынды сақтап қалу мүмкін болмады. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны белгісіз.

Бөлісу