Бүгін Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринт басталады. Әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Коломина мен Анастасия Слонова ел үмітін ақтауға тырысады.
Қазақстандық шаңғышылар командалық спринтте 9-шы реттік нөмірмен жартылай финалға қатысады. «А» тобындағы сынға түсетін спортшыларымыздың қарсыластары – Норвегия, АҚШ, Швеция, Италия, Франция, Канада, Швейцария және Қытай құрамалары.
Командалық спринттен жартылай финалдық бәсекені «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты – 15:05.