Сочи-2014. 8 ақпанда жарысқа түскен қазақстандықтар жүлдеге іліге алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014. 8 ақпанда жарысқа түскен қазақстандықтар жүлдеге іліге алмады

09.02.2014
Сочи-2014. 8 ақпанда жарысқа түскен қазақстандықтар жүлдеге іліге алмады

Сочи Олимпиадасында 8 ақпан күні қазақстандықтар спорттың 5 түрінен сынға түсті.

Скиатлонда шаңғышыларымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова бірдей нәтиже көрсетіп (41 минут 52,2 секунд және 41 минут 52,8 секунд) 40 және 41 орынды иеленді. Ал Татьяна Осипова 44 минут 27,9 секунд уақытта жүріп өтіп, мәреге 57-інші болып жетті.

Қазақстандық конькимен жүгіруші Дмитрий Бабенко 5000 метр қашықтықтағы жарысқа қатысып, 15-ші орынды иеленді.

Биатлон жарысы бойынша 10 шақырымдық спринтте 4 қазақстандық спортшы бәсекеге түсті. Олардың ішінде алдыңғы лекте көрінгені - Ян Савитский. Ол 46-шы орын алды. Сергей Наумик 59-шы, Антон Пантов 80-ші, Диас Кенешев 87-ші орынды місе тұтты.

Шаңғымен орташа биіктіктегі тұғырдан секіруден біліктілік сайысына Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцев қатысты. 46-шы және 49-шы орын алған спортшыларымыз келесі кезеңге өте алмады.

8 ақпандағы олимпиадалық бағдарламаны фристайл-могулдан өткен жарыста үміт арттырған Дарья Рыбалова жарыс жолынан шығып қалып, екінші біліктілік сайысына өте алмады.

Тағы бір спортшымыз Юлия Галышева екінші финалдық кезеңге жетіп тұрып, жетінші орыннан көрінді де жүлдеге үміткерлік ететін алтылықтың қатарына енбей қалды.

Хабарламаларға жазылу