Бүгін – Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні

15.02.2014
Бүгін – Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні
  Осыдан 21 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында, геосаяси кордонға айналған Ауғанстаннан 10 жыл соғысудан көз ашпаған КСРО әскері шығарылды.
 
Ауған соғысы - КСРО Қарулы Күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Ол 1979 жылдың 27 желтоқсанынан  1989 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.
 
КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген «халықтық-демократиялық Үкіметті» қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, «интернационалдық әскери жәрдем береміз» деген желеумен оның ішкі істеріне араласады.
 
Бұл «қырғи қабақ соғыс» кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.
 
Тұтастай алғанда, КСРО-ның 620 мың азаматы АДР территориясында әскери қызметтен өтті. Сондай-ақ, әскер құрамында 21 мың адам жұмысшы және қызметші кәсібінде болды.
 
Ауғанстанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында барлығы 200153 адам мемлекеттік марапаттауларға ие болса,  оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті. Ерлігі үшін марапатталғандардың 2265-і қазақ.
 
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті.
 
Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық Ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

Хабарламаларға жазылу