Президент Үкімет жұмысын қанағаттанарлық деңгейде, жалпы алғанда оң бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Үкімет жұмысын қанағаттанарлық деңгейде, жалпы алғанда оң бағалады

14.02.2014
Президент Үкімет жұмысын қанағаттанарлық деңгейде, жалпы алғанда оң бағалады

  Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарушы биліктің жұмысын қанағаттанарлық деңгейде, жалпы алғанда оң бағалады. Дегенмен, әлі де орындалмай отырған тапсырмаларға баса назар аударылды.

«Әлемде әлі шайқалып, тұрақсыздықта тұрғанда, біздің көрсеткішіміз, экономика өсімі қанағаттандырады деп айтуға болады. Бұл - бүкіл Үкіметтің, облыстағы әкімдердің жұмысы. Оларды оң бағаламауға болмайды. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның жетістігі солай бағалауға тұрады», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы бүгінгі кеңесте негізінен былтырғы жұмыс қорытындыланып қана қоймай, Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланатынын айтып, істелмей қалған шараларға баса назар аударудың қажеттігін алға тартты.

Елбасы биылғы жыл да оңай болмайтынын атап өтті. «Былтырғы қазан айында мен тоғыз айдың қорытындысына қатысты кеңес өткізіп, Үкіметке отыз үш тапсырма бергенмін. Олардың орындалу мерзімі де бүгін аяқталды. Дегенмен, солардың ішінде тек он бірі ғана, яғни отыз пайызы ғана орындалып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, орындалған тапсырмалардың кейбірі сапасыз болса, енді бірі әлі де жүзеге асырылып жатыр.

Хабарламаларға жазылу