Президент Жолдауы: Әлеуметтік саладағы оң өзгерістер

27.08.2020

Ел бюджеті экономиканы дамытумен қатар әлеуметтік мәселелердіге бағытталуы тиіс. Президент былтырғы Жолдауында осы жоспарларды айқындап, бірқатар тапсырма берген еді. Әсіресе, білім, денсаулық және мәдениет саласындағы салғырттықты түзетуді тапсырды.   

Білім саласында мәселе көп. Оқулықтың сапасына қатысты қателік көп, бағдарламада жүйе жоқ еді. «Сан тараптың талдауынан өткен мәселе реттеледі», - деді министр. Жалған білім беретін жоғары оқу орындарының санын қысқарту тапсырмасынанана соң біраз оқу орындары жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ кәсіптік білім беру деңгейін көтеру, ұстаздар мәртебесі, жалақыны арттыру, ғылым саласына айрықша көңіл бөлу міндетіне қатысты оң өзгерістер бар.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жалпы оқулықтар бойынша биыл жаңа ережені қабылдадық. Енді шығатын кітаптар басқа сапада шығады. Педагогтардың статусын арттыру туралы заң қабылдадық. Жалақы мәселесі мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тартпау мәселесі, қағазбастылықтан арылту мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Президент мәдениет саласында жұмыс істейтін мамандардың назардан тыс қалғанын атап өтті. Әсіресе, кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің жалақысы соңғы жылдары көбеймеген. Салдарынан әсіресе, жас мамандардың баспаналы болуға мүмкіндігі аз. Бұл кадрлардың азаюына әкелген. Сол себепті, биылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді тапсырды. 

Нұрғиса Дауешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі: 

- Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50 пайызға, өңірлерде 35 пайызға көтерілді. Қазақстан бойынша 34 мыңға жуық өнер қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Спорт саласының мамандарының да жалақысы 2023 жылға дейін 100 пайызға дейін көбейеді.  

Президент денсаулық сақтау саласын саралап, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштерге көңілі толмайтынын айтты. Әрі бұл олқылықты реттеу керектігін тапсырды. Биыл жұмысын бастаған медициналық сақтандыру қоры бастамасына сенім білдіріп, үкімет бұл жүйенің жұмысын бақылауда ұстау керек деген міндет қойды.  

Жалпы, әлеуметтік салада атқарылған шаруа аз емес. Тек кей жоспарлардың жүзеге асуына биылғы жағдай кедергі келтірді. Дегенмен, жүктелген міндет өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелеу жалғаса бермек.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу