Янукович премьердің кандидатурасын алдағы аптада ұсынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Янукович премьердің кандидатурасын алдағы аптада ұсынуы мүмкін

14.02.2014
Янукович премьердің кандидатурасын алдағы аптада ұсынуы мүмкін
Украина президенті Виктор Янукович алдағы аптада премьер-министрдің кандидатурасын Жоғарғы раданың қарауына енгізуі ықтимал, деп хабарлайды Өңірлер партиясының мүшесі, депутат Владимир Олийнык.
 
Президент 28 қаңтарда премьердің отставкасын қабылдады, ал министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанша, өз міндеттерін жалғастыруда.
 
Премьердің міндетін уақытша атқару бірінші вице-министр Сергей Арбузовқа жүктелген.
 
«Келесі аптада консультация өткізіп, президент премьердің кандидатурасын енгізеді деп күтіп отырмыз», - дейді Олийнык.

Хабарламаларға жазылу