Имран Ханның босатылуына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Имран Ханның босатылуына қарсы шеру өтті

16.05.2023

Пәкістан астанасы Исламадта үкіметтің мыңдаған жақтасы шеруге шығып, бұрынғы премьер-министр Имран Ханның қамаудан босатылуына қарсылық білдірді. Демонстранттардың ішінде түрлі діни және саяси партиялардың мүшелері бар. Олардың ойынша, билік коррупция мен терроризм үшін айыпталған Имран Ханға тым жұмсақтық танытып, оны бостандыққа жіберген. Экс-премьердің өзі болса, тағылған кінәні жоққа шығаруда. Ол сайлауға қатысатынын жариялағасын қудаланғанын мәлімдеп отыр. Айта кетсек, өткен аптада Ханның жақтастарының шеруі тәртіпсіздіктерге ұласып, бірнеше адам қаза тапты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу