Абай облысында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында жер сілкінді

09.03.2024

Абай облысында жер сілкінді. Эпицентрі Ақсуат ауданының Ойшілік ауылынан - 100 шақырым жерде орналасқан. Қытаймен шекаралас аймақта жер сілкінісі таңғы 7:23 шамасында болған.

Сейсмологиялық орталық оның қуаттылығы 4,2 балл деп тіркеді. Жер асты дүмпуі еліміздің өзге өңірлерінде сезілмеген. Мамандар жер сілкінісі салдарынан ешқандай зиян келмегенін мәлімдеді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу