Текелі мен Талдықорған қалаларында жер сілкінісі сезілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Текелі мен Талдықорған қалаларында жер сілкінісі сезілді

04.12.2019
Текелі мен Талдықорған қалаларында жер сілкінісі сезілді

Алматы облысында 3-4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады.

Жер дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде орналасқан. Зілзала 4 қарашада сағат 01:38-де тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. Магнитудасы - MPV 5.2. Тереңдігі - 15 шақырым.

Зілзала Қапал ауылында (4 балл), Жансүгіров ауылында, Текелі (3 балл) мен Талдықорған (3 балл) қалаларында сезілді.

Хабарламаларға жазылу