«Есенқұлым, Есентай, Есен ақын...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Есенқұлым, Есентай, Есен ақын...»

13.02.2014
«Есенқұлым, Есентай, Есен ақын...»
 
«Періште бар, пенде бар, бізге де біреу зар болар...» деп жырлаған Есенқұл Жақыпбектің өмірден озғанына  бүгін – үш ай.
 
Ақын 30 жылдан астам уақыт айтыс аламанында жүрді. Телевизиялық айтыстың тұңғыш жеңімпазы атанды.
 
Әсия Беркен, Әселхан Қалыбек және қырғыз ақыны Әшірәлі Айталиевпен болған сөз сайыстары айтыстың классикалық үлгісі ретінде есте қалды.
 
«Есенқұл – жайсаң, қанағатшыл, елге жақсылық тілейтін мейірімді жан еді»,-дейді замандастары.
 
«Есенқұл ақынды соңғы сапарға аттандырған кезде шын ақынның, қадірлі ақынның кеткенін халық сезді. Себебі, жиналған қауым біреудің айдауымен келген жоқ. Бұл жұрт – Есенқұлдың әдебиеттегі, поэзиядағы орнын мойындаған жұрт»,-деп еске алады Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

Хабарламаларға жазылу