Трансшекаралық нарықта бәсекелестікті сақтамағандар жазадан құтылмайды - Нұрлан Алдабергенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансшекаралық нарықта бәсекелестікті сақтамағандар жазадан құтылмайды - Нұрлан Алдабергенов

23.05.2015
Трансшекаралық нарықта бәсекелестікті сақтамағандар жазадан құтылмайды - Нұрлан Алдабергенов

Трансшекаралық нарықта бәсекелестікті сақтамағандар жазадан құтылмайды. Заңды белден басқандарға қарсы айыппұл салынады немесе Еуразиялық одақтың Минск қаласындағы сотына шағымдануға болады. Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі Нұрлан Алдабергенов Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында осылай деді.

Биылғы жылдың қаңтар айында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт кушіне енді. Осыған байланысты, Еуразиялық экономикалық комиссияға трансшекаралық бәсекелестікті бақылау өкілеттілігі берілген. Енді біздің елімізде арнайы жұмыс тобы құрылып, бәсекелестікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленбек.

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу