Манипуляцияға жол берген айырбастау пункттері лицензиясынан айырылады
|
Еліміздің барлық айырбастау пункттеріндегі сатып алу және сату айырмашылығы 2 теңгеден аспайды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Егер бұл ереже бұзылса, Ұлттық банк қатаң шара қолданады. Бұл туралы бүгін Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов хабарлады.
«Мұндай жағдайды кейбір саудагерлер пайдаланып қалады. Валюта айырбастау жөніндегі ақпарат теріс пиғылда пайдаланылуы мүмкін, сондықтан ең алдымен, Ұлттық банктің сөзіне сену керек екенін ескертеміз. Осыған орай барлық айырбастау пункттерінде сатып алу және сату айырмашылығы 2 теңгеден асыруға жол бермеу шешімін қабылдадық», - деп атап өтті Ұлттық банктің басшысы.
Ол бұл шешімді бүгін және алдағы уақытта елемеген айырбастау пункттерін Ұлттық банк қатаң жазалайтынын, тіпті, лицензиясынан айырып, мұндай айырбастау пункттерінің қызметін тоқтатуға дейін баратынын жеткізді. «Теңгенің тепе-теңдік бағасы Қазақстанның экономикасына пайдалы екенін қайта түсіндіргіміз келеді. Ұлттық банк төлем жүйесінің құрылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Ұлттық және өзге де банктер айырбастау пункттерін шетелдік валютамен қамтамасыз етеді», - деді Қайрат Келімбетов. |
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан» тасжолы жөнделіп жатыр
17.12.2025, 21:05
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
17.12.2025, 20:56
Биыл 223 медициналық мекеме салынды
17.12.2025, 20:51
Қазақстанға жыл басынан бері 12,1 млн турист келді
17.12.2025, 20:50
Елімізде «Ecoqolday» бағдарламасына тіркелген кәсіпкерлер саны көбейген
17.12.2025, 20:48
Атыраудағы оқиға: Шығын әлі есептеліп жатыр
17.12.2025, 20:45
Дәрігерлерді қорғау: Мәжіліс заңды мақұлдады
17.12.2025, 20:43
1 қаңтардан МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді
17.12.2025, 20:42