Орталық Азия елдерімен алыс-беріс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдерімен алыс-беріс артады

11.02.2014
Орталық Азия елдерімен алыс-беріс артады
 
Орталық Азияда Қазақстанның астығына, ұны мен күнбағыс майына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, осы бағыттағы экспорттың көлемін арттырып, әкімшілік кедергілердің жолын кесу - кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бүгін өткен бизнес-семинарда сөз болды.
 
Семинарда Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы USAID жобасымен бірігіп жұмыс туралы шешімге келді. USAID - аймақтық экономикалық ынтымақтастықты бекем етуге бағытталған жоба. Олар біздегі отандық компаниялардың Орталық Азия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасайды.
 
Сондай-ақ, шекаралық кедергілерді еңсеруге көмектеседі. Жиын соңында семинарға қатысушылар күзде «Орта Азия» сауда форумын бірлесіп өткізуге қызығушылық танытты.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу