Қазақстан мен Италия арасында алыс-беріс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Италия арасында алыс-беріс артады

14.11.2019

Қазақстанның географиясы әлем елдерімен кәсіпкерлік байланыс орнатуға өте қолайлы. Әсіресе, осындағы жер ресурстарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығын кеңінен дамытуға болады. Италиялық кәсіпкерлер елордада өткен бизнес форумда осындай пікір білдірді.

Елімізде италиялық капиталдың қатысуымен 270-ке жуық компания жұмыс істейді. Екі елдің сыртқы сауда айналымы биыл 6,7 млрд долларды құраған. Ендігі кезекте қос тарап ауыл шаруашылығымен қоса, энергетика және цифрландыру бағытында іскерлік байланыс орнатуды көздеп отыр.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу