Ұлттық банк теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты түсініктеме береді

11.02.2014
Ұлттық банк теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты түсініктеме береді
  Бүгін Қазақстан биржалық қорының саудасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 186 теңгеге деңгейіне көтерілді. БТА банктің ресми сайтында доллар бағамы 182 теңге көлемінде көрсетілген. Сатылым 1 доллар үшін 190 теңге көлемінде.
 
Ал Ұлттық банктің ресми сайты істемей тұр. Бүгін Алматыда түскі сағат 13.00-де ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты мәселеге өз жауабын бермек.
 
Айта кетейік, 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап, ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін кемітуден, теңгенің айырбас бағамын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
 
ҚР Ұлттық банктің хабарламасында көрсетілгеніндей, АҚШ долларының бағамы 185 теңге көлемінде тіркеледі. Ал Альянс және Цеснабанк көрсеткен бағам 1 доллар үшін 215 теңге көлемінде тұр.

Хабарламаларға жазылу