Жеңіс тұғырына норвегиялық шаңғышылар көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс тұғырына норвегиялық шаңғышылар көтерілді

11.02.2014
Жеңіс тұғырына норвегиялық шаңғышылар көтерілді
  Сочи Олимпиадасында шаңғышылардың спринттік жарысы мәреге жетті. Әйелдер бәсекесінде норвегиялық Майкен Касперсен Фалла озық шығып, Олимпиада чемпионы атанды.  Фалла финалда 2 минут 35,49 секунд уақыт көрсетті. Оның отандасы Ингвильд Флугстад Эстберг (+0,38) «күмісті», ал словениялық Весна Фабьян (+0,40) «қоланы» иеленді.
 
Ерлер бәсекесінде де норвегиялық шаңғышы жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаз Ола Виген Хаттестадтың финалдағы уақыты – 3 минут 38,39 секунд. Екінші және үшінші орындарға швед спортшылары  - Теодор Петерсон (+1,22) және Эмиль Йёнссон (+19,74) орналасты.

Хабарламаларға жазылу