Теріскейде 19-шы рет «Солтүстік-2015» ауыл спорты мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде 19-шы рет «Солтүстік-2015» ауыл спорты мерекесі өтті

02.03.2015
Теріскейде 19-шы рет «Солтүстік-2015» ауыл спорты мерекесі өтті

«Солтүстік» жарысына тек ауыл тұрғындары ғана қатыса алады. Аудандық кезеңде үздік деп танылғандар облысқа жолдама алады.

«Тұрақты түрде өткізіліп тұратындықтан, жыл сайын спортшылардың деңгейі де өсіп келеді», - дейді төрешілер.

3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте жеңіс тұғырына Мағжан Жұмабаев ауданының спортшылары көтерілді.

Жүлделі орын иеленгендерге арнайы сыйлықпен ауыспалы кубоктар табыс етілді.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу