Алматы жылу жүйесінде тағы апат болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы жылу жүйесінде тағы апат болды

10.02.2014
Алматы жылу жүйесінде тағы апат болды
Алматы жылу жүйесінде апат болды, деп хабарлайды «Холдинг Алматы Жылу».
 
Апат Райымбек батыр даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында болды. Холдингтің ақпаратынша, бұл аумақтың жолдары жабық. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша, апатқа құбырлардың ескіруі себеп.
 
Тосын оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, 4 адамды термикалық күйік шалған. Олардың бірінің жағдайы нашар.
 
Ал ТЖД-нің мәліметінше, 134 нысан ыстық сусыз қалған. Оның ішінде 3 мектеп, 63 көпқабатты тұрғын үй, 33 жекеменшік үй, 3 балабақша және екі аурухана бар.

Хабарламаларға жазылу