Қарағанды студенттері бұрынғы жолақымен жүретін болды
Наурыз айының 1-нен бастап, Қарағандыда колледждер мен жоғары оқу орны студенттері үшін қоғамдық көлік жолақысы қайтадан 50 теңге болады. Наразылық күшейген соң билік жолақыны қымбаттатудан бас тартқан, деп хабарлайды Азаттық.
Бірақ бұл тариф студенттерге ғана қайтарылмақ. Қаланың қалған тұрғындары үшін жол ақысы 80 теңге болып қала бермек. Бұл шешімге қарсы жергілікті белсенділер сотқа жүгінбекші.
Жыл басынан бері Қарағанды қаласында қоғамдық көліктің ақысы бірден 30 теңгеге қымбаттап, 50 теңгеден 80 теңгеге дейін өскен еді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырып, қалада бірнеше қарсылық шеруі өтті.
Қала билігі жиын өткізуге рұқсат бермеген соң белсенділер 50 теңгелік тарифті қайтарудың басқа амалдарын іздестіре бастаған.
Ал, автопарк өкілдері «Жаңа тариф енгізілсе де, шығынға батып отырмыз. Жолаушылар төлейді деген 80 теңгенің 67 теңгесін ғана аламыз» деген уәж айтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14