Қарағандыда «Тіл шебері» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Тіл шебері» байқауы өтті

03.11.2014
Қарағандыда «Тіл шебері» байқауы өтті

Мақсат - үш тілді меңгерген дарынды жастарды қолдау және мадақтау, тіл мәдениетін қалыптастыру, жастарға қазақстандық патриотизм сезімін ұялату, басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне деген сыйластықты қалыптастыру.

Байқауға «Болашақ» университеті, Қарағанды экономикалық университеті, политехникалық университеті, Орталық Қазақстан Академиясы, политехникалық, гуманитарлық, техника-құрылыстық, кәсіби-техникалық колледждері және «Болашақ» колледжінің 18-30 жас аралығындағы студенттері мен оқытушылары қатысты.

І дәрежелі дипломмен  «Болашақ» колледжінің оқытушысы Айнұр Нүрекенова марапатталды.

ІІ дәрежелі диплом Қарағанды экономикалық университетінің студенті Әсел Абдакимоваға, ІІІ дәрежелі диплом Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы Аида Елемесоваға берілді.

 

 

Хабарламаларға жазылу