Елбасы Жолдауы түрік тілінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Жолдауы түрік тілінде

10.02.2014
Елбасы Жолдауы түрік тілінде
Түркиядағы күнделікті 200 мың дана таралыммен шағатын жалпыұлттық «Vatan» газеті 4 күн қатарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауының  толық мәтінін жариялады.
 
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы Қазақстанның Анкарадағы Елшілігі тарапынан түрік тіліне аударылған болатын.
 
Аталған газеттің тілшісі Кемал Саллы мақалада Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы, қысқа мерзім аралығында жоғары дүниежүзілік деңгейге жетіп, бәсекелесуге қабілетті мықты мемлекетке айналып, сонымен қатар, мүдделі тараптар үшін көрнекті үлгі болғанын баяндады.

Хабарламаларға жазылу