Елбасы Жолдауы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Жолдауы талқыланды

23.01.2014
Елбасы Жолдауы талқыланды

Бүгін Астанада өткен «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында  Елбасы Жолдауы талқыланды. Бас қосқан еліміздегі белді партиялардың төрағалары  көпшіліктің келешекте көргісі келетін кемел күні мен ұрпақ атты көшелі істің керуенін жалғастыру және дамудың даңғыл жолынан айнымау сияқты  Жолдауда айтылған мәселелерге маңыз берді.

 
Сондықтан, олар «Президенттің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына  мұрагерлік мұратпен үңілген ұлт ұтылмайды», - деді. Өйткені, қазір Қазақстан әлемдегі өркениетті, озық отыз елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жұрт жұдырықтай жүмылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару қажет. Ел ертеңі үшін еңбек ет. Кәсіп қыл, бизнестің көзін аш. Ал, оған мемлекет мейлінше қолдау көрсетеді.
 
Тек «Үнемі бәрін Үкімет береді деген жатыпішер жалқаулықтан арылған жөн». «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің сөзі - осы.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
Ең дамыған отыз мемлекеттің арасына кіру үшін үлкен жалпыұлттық қолдау керек. Әрбір адамның сана-сезімін өзгерту, оларға түсіндіру қажет. Қазақстан сондай дәрежеге жетсе, онда әрбір азаматтың жағдайы көтеріледі деген сөз.
 
 

Алмат ӘБДІРАМАН                                                                         

Хабарламаларға жазылу