Халқына талай тың дүниелер сыйлаған қаламгер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халқына талай тың дүниелер сыйлаған қаламгер

08.02.2014
Халқына талай тың дүниелер сыйлаған қаламгер
Әдебиетiмiздiң тарихында өзiндiк орны бар белгiлi қаламгер Хамза Ихсанұлы Есенжанов қазақ халқына талай тың дүниелер сыйлады. Ол қандай тақырыпта жазса да, оқырманын бей-жай қалдырған емес. Қаламгер өзінің жазушылық жолын 1930 жылдары өлең, әңгіме жазудан бастаған.
 
Сол жылдары республикалық басылымдарда «Өлеңнің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері және «Жер шарында» атты сахналық шығармасы жарияланды.
 
Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар, көптеген әдеби сын мақалалар жазды. Хамза Есенжанов 1956 жылдан өнімді творчестволық еңбек жолын бастады.
 
Дәл осы жылы «Ақ Жайық» трилогиясы жарық көрді. «Ақ Жайық» трилогиясы кезiнде оқырманды елең еткiзген кесек туынды болатын.
 
Бұл романда Батыс Қазқстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жылдарындағы тұтас бір кезең оқиғалары баяндалған.
 
Шығармада автор патша өкілдері мен байлардың тепкісінен езілген жұмысшылар мен шаруалар бостандығы, бақыты, теңі үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың революциялық өмір жолын шебер суреттейді.
 
Қаламгердің шығармашылығымен бүгін 17.00-де «Жарқын бейне» хабарынан толығырақ таныса  аласыздар.

Хабарламаларға жазылу