Роза Рымбаеваның мерейтойлық концерті өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Рымбаеваның мерейтойлық концерті өтеді (ВИДЕО)

29.02.2016
Роза Рымбаеваның мерейтойлық концерті өтеді (ВИДЕО)

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне – 40 жыл. Сондықтан, әнші үшін биылғы жыл зор мәнге ие.

8 наурызда Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында әншінің  «Көктем шақырады» атты мерейтойлық концерті өтпек.

Шығармашылық кеш «Астана» эстрада симфониялық оркестрінің қолдауымен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Аблаев.

Айта кету керек, концертті Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу