Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Роза Рымбаеваның «Көктем шақырады» концертін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Роза Рымбаеваның «Көктем шақырады» концертін тікелей эфирде көрсетеді

08.03.2016
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Роза Рымбаеваның «Көктем шақырады» концертін тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне биыл – 40 жыл. Сондықтан, әнші үшін биылғы жыл зор мәнге ие.

Бүгін Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында әншінің «Көктем шақырады» атты мерейтойлық концертін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 20:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Шығармашылық кеш «Астана» эстрада симфониялық оркестрінің қолдауымен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Аблаев.

Мерейтойлық концертте Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди де ән шырқайды.

Айта кетейік, концертті бүгін сағат 20:00-де Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу