Бақытжан Сағынтаев Байқоңырдағы оқушылардың біліміне алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Байқоңырдағы оқушылардың біліміне алаңдаулы

06.02.2014
Бақытжан Сағынтаев Байқоңырдағы оқушылардың біліміне алаңдаулы
Бүгін Қазақстан Республикасы  Ұлттық ғарыш агенттігінің  кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Байқоңыр қаласында Қазақстанның мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын енгізуді жеделдетуді жүктеді.
 
 «Бүгінде қазақша оқытылатын 6 мектепте мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын енгізуді қарастыратын келісімнің жобасы әзірленді. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе, «Жол картасы» аясында таяу уақытта аталған келісімге қол қою мәселесін қарастыруы керек», - деді вице-премьер.
 
Оның сөзіне қарағанда, осы қалада мектеп оқушыларының бір бөлігі қазақстандық стандарттармен оқыса, қалған бір бөлігі ресейлік бағытта білім алуда.
 
Бұл тұрғыда балаларға қиын түсетінін атап өткен Бақытжан Сағынтаев: «Балалар қандай білім алып шығады? Жартысы Ресейдің тарихын, ал қалған жартысы Қазақстан тарихын оқиды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге барған кезде не болады?», - деді вице-премьер.

Хабарламаларға жазылу