Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

01.08.2014
Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты Әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлады.

«Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн. Жұрттың көпшілігі Геннадиймен текетіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке қарай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу үлкен мәртебе», - дейді Дмитрий Чудинов.

Еске сала кетсек, ол 9-тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл Дмитрий Чудиновтың чемпиондық белдігін қорғаудағы алғашқы жекпе-жегі. 

Хабарламаларға жазылу