4 ақпан күні республика аумағының оңтүстік бөлігі жоғары атмосфералық қысым жағдайында болады.
Республиканың басқа аймақтарында атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде қар жауып, жекелеген аудандарда бұрқасынға ұласқан күшті жел тұрады, кей аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, Жамбыл Маңғыстау облыстарының кей тұстарында тұман түседі деп болжанған, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарының бірқатар жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының бірқатар аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барып, бұрқасын болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде қатты аяз болады.
Маңғыстау облыстарында түнде қатты аяз күтіледі, жер-жерлерде аяз қатты күшеюі мүмкін.