4 ақпан күні Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Астана Опера» театрының гастролі басталмақ.
Гастрольдің алғашқы күнінде қазақ операсының маржаны саналатын «Біржан-Сара» операсы Ресей Халық әртісі Юрий Александровтың жетекшілігімен қойылады. Әйгілі композитор Сергей Прокофьевтің қазақ тіліндегі «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі 5-ші ақпанға жоспарланған. Дәл сол күні сағат 19.00-де «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі концерт бермек.
Ал 6 ақпанға театрдың Гала концерті жоспарланған. Сондай-ақ, 7 ақпан күні алматылықтар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігіндегі «Астана Опера» театры камералық хорының концертін тамашалай алады. Ал камералық музыка концерті 9 ақпан күні өтеді.