Қазақстанда дiни экстремизмді насихаттайтын жүзден астам сайт анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда дiни экстремизмді насихаттайтын жүзден астам сайт анықталды

03.02.2014
Қазақстанда дiни экстремизмді насихаттайтын жүзден астам сайт анықталды

Қазақстанда дiни экстремизм идеяларын насихаттайтын жүзден астам сайт бар. Бұл туралы бүгiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Гүлшара Әбдiқалықованың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы  Дiн iстерi агенттiгiнiң алқа мәжiлiсiнде агенттік  басшысы  Марат Әзiлханов мәлiм еттi.
 
 «Ғаламтор арқылы экстремизм идеяларын насихаттауға қарсы жұмыстар жалғасуда. Екi мыңнан астам сайттың мазмұнына талдау жасалды. Оның iшiнде 106 сайт және 46 бейнематериал терiс сараптама алғандықтан, тыйым салу үшiн прокуратура органдарына жолданды. Қазiргi кезде бұл жұмыс жалғасуда», - деп атап өттi ол.
 
 Оның айтуынша, бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы 2013-2017 жылдарға арналған Дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы аясында бiрнеше ай бұрын басталған.
 
 «Осы бағытта агенттiк басқа мемлекеттік органдармен дiни және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып, бiрнеше iс-шаралар атқарды. «Таблиғи жамағат» ұйымы экстремистiк ұйым екені анықталып, оның қызметiне тыйым салынды. Екiншiден, ақпараттық «Е-Islam» сайты құрылды. Үшiншiден, дiни мәселелер жөнiнде ақпараттық қабылдау және азаматтарға кеңес беру бiрыңғай орталығы ашылды. Тәулік бойы қызмет ететін   114 шұғыл телефон желiсi жұмыс iстей бастады. Қазiргi таңда 400-ге жуық қоңырау шалынды. Әкiмдiктердiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 8 облыста дiн мәселелерiн зерттеу орталықтары құрылуда»,  - деп түйдi сөзiн Марат Әзiлханов.

Хабарламаларға жазылу