Жүзден жүйріктер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүзден жүйріктер анықталды

01.03.2019

Бүгін Тұңғыш Президент қоры еліміздің ғылым, мәдениет және өнер саласына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады. Биылғы байқау тағы 18 талапшыл жастың бағын жағып отыр. Оза шапқандар кеудесіне төсбелгі тағып, ақшалай сыйақыны қанжығалады.

Айта өтейік, байқау жас ғалымдар мен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін 200-ден астам өз ісінің хас шеберлері лауреат атанған.

Айгүл Азатова, Түркістан облыстық Опера және балет театрының солисі:

- Біздің Қазақстанда талантты жастар өте көп. Сол таланттарыңызды ұштай беріңіздер. Мен осындай жетістікке жетіп жатырмын. Өте қуаныштымын.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу