Еуразиялық экономикалық комиссия Қытайда жасалған ыдыс-аяқтарға қатысты демпингке қарсы зерттеу жүргізеді.
«Ол қатарға болаттан жасалған қасықтар, шанышқылар және басқа да ас үй құралдары жатады», - делінген хабарламада.
«Қытайдан келетін демпингті импорттың өсуі Кеден одағы кәсіпорындары өндіретін тауарының бағасына кері әсерін тигізуде. Сол себепті ас үй және асхана құралдарын шығарумен айналысатын Кедендік Одақ кәсіпорындарының қаржы-экономикалық жағдайы едәуір нашарлаған», - деп атап өтілді ведомствода.