Елбасы сенім грамотасын қабылдады
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы сенім грамотасын Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Масаеши Камохарадан, Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Шаухат Әли Мукадамнан, Оман Сұлтанатының Елшісі Саид бен Мохаммед бен Әли Әл-Барамиден, Нидерланды Корольдігінің Елшісі Хенри Хуберт Дриссерден, Ауғанстан Ислам Республикасының Елшісі Мухаммад Фарук Баркиден қабылдады.
Кездесуде Елбасы: «Сіздерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыздың басталуымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жемісті болуына сіздердің үлес қосатындықтарыңыз сөзсіз. Сіздердің жұмыстарыңыз жан-жақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп сенемін», - деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06
Қыстың күні жолда қалғанда не істеу керек?
12.02.2026, 20:05