Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады

10.02.2019

Қанша уақыт өсте де, адам мен адам арасындағы, ел мен ел арасындағы өзгермей келе жатқан қағидалар мен қалыптасқан тәртіптер бар. Соның бірі – дипломатия. Нота алмасу, дипломатиялық иммунитет, бір елдің бір елге Сенім грамотасын тапсыруы секілді өзіндік тәртібі мен тарихы сан ғасырлық саяси салттар бар. Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес елдің Қазақстандағы жаңа елшісінен Сенім грамоталарын қабылдады. Жалпы, жаңадан тағайындалған елші өз президентінің екінші бір ел басшысына жолдаған Сенім грамотасын тапсырмайынша қызметіне толық кіріскен болып есептелмейді. Сондықтан да, мұндай салтанатты шара қай елде болмасын жылына бірнеше рет өткізіліп тұрады. Сенім грамотасын кейде Мемлекеттік хатшы қабылдаса, кейде Мемлекет басшысының өз өткізеді. Ақордадағы жиында Жапония мен Чехия, Хорватия мен Вьетнам және Тәжікстан елшілері Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамоталарын тапсырды. Президент қызметке кіріскен дипломаттарға Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттағы басымдықтары туралы айтып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікірін білдірді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу