Елбасы Ядролық қауіпсіздіктің жаһандық саммитіне қатысуды жоспарлауда
Қазақстан мен Нидерландының Іскерлік кеңесін құру өте маңызды. Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазақстан мен Нидерланд Корольдігі ынтымақтастығының биік деңгейін қанағаттанушылықпен атап өткім келеді. Сіздің елдеріңіз - біздің еліміздің жетекші экономикалық серіктестерінің бірі», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасының алға тартқан деректеріне қарағанда, өткен жылы екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 10 миллиард АҚШ долларына жетіп жығылды. Осы жылдар ішіндегі Қазақстан экономикасына салынған голландық инвестиция көлемі 48 миллиард АҚШ долларына жетті.
Қазақстанның энергия ресурстарын тиімді дамыту әрі оны әлемдік нарыққа жеткізу саласындағы энергетикалық серіктестік белсенді дамуда. «Біз голландиялық компаниялардың индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларымызды жүзеге асыруға, өнеркәсіпте алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге белсенді қатысуына қызығушылық танытамыз», - деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Елбасы Қазақстан мен Нидерландының Іскерлік кеңесін құру маңызды мәселе екендігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының пайымынша, ол екі ел арасындағы экономикалық ведомстволар мен іскерлік ортаның арасындағы барынша тығыз байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.
«Осы және басқа да мәселелерді мен Нидерландыда, ағымдағы жылдың наурызында Ядролық қауіпсіздіктің жаһандық саммитіне қатысуды жоспарлап отырған Гаагаға сапарымда талқылауға мүмкіндік аламын деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12