Қазақ елінің ядролық держава болудан бас тартуы - үлкен ерлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елінің ядролық держава болудан бас тартуы - үлкен ерлік

27.03.2014
Қазақ елінің ядролық держава болудан бас тартуы - үлкен ерлік

«Қазақстан- жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы. Сондықтан, әлемдік қауымдастық Қазақ елінен үлгі алуы тиіс». Бельгия парламентінің депутаты Херман Де Кроо осындай ойымен бөлісті.

 
Депутаттың айтуынша, ядролық қарудың зардабы қандай болатынын Бельгия халқы да жақсы біледі. Өйткені, І Дүниежүзілік соғыс кезінде немістер қолданған химиялық қарудың салдарынан елдің Ипр қаласы жермен-жексен болды.
 
«Осындай қасіретті өзгелер тартпасын деп, әлемге ядродан азат болуды үндеген Қазақ басшысы жоғарғы құрметке лайық», дейді сақа саясаткер.
 
Херман Де Кроо, Бельгия Корольдігі парламенті өкілдер палатасының төрағасы:
Қазақстанның әлемдегі үшінші ядролық держава болудан бас тартып, Семейдегі полигонды жабуы - үлкен ерлік. Осылайша, Қазақ елінің басшысы барша әлемге керемет үлгі көрсетті. Жаппай қырып-жою қаруынсыз бейбіт өмір сүруге болатынын дәлелдеді. Ядролық сынақтарға қарсы шығушылар қатарының көбеюі, әлбетте, Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында қол жеткізілген жетістік. Жылдар өте келе бұл шешімнің жаһандық өркениеттегі маңызы айшықтала түсті. Өйткені, ядролық қару қауіпсіздіктің кепілі бола алмайды.
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу