Жанна Фрискенің туыстары қазақстандық дәрігерлерден көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанна Фрискенің туыстары қазақстандық дәрігерлерден көмек сұрады

29.01.2014
Жанна Фрискенің туыстары қазақстандық дәрігерлерден көмек сұрады

Жанна Фрискеге тек қазақстандық медицина көмектесе алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның басқарма төрағасы Әлібек Кеннет мәлімдеді.

Оның айтуынша, жуырда Астанадағы медициналық холдинг аясында ми қыртыстары бөлімі ашылған болатын. Осыған байланысты, хәл үстінде жатқан Жаннаға көмек көрсетуді сұрап туыстары хабарласыпты.

«Бүгін мен Жаннаның әкесі Владимир Фрискемен сөйлесіп, науқасты біздің елде емдеу мәселесін талқыладық. Бірақ біз оның денсаулығының өте ауырлығына байланысты әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз. Дегенмен, олар Жаннаны осында әкеле алса, біз қолымыздан келгеннің барлығын жасауға дайынбыз. Өйткені дәл осы жағдайда оған көмек қолын соза алатын жалғыз ел біз боламыз деп толық айта аламын», - деп атап өтті ол.

Хабарламаларға жазылу