Алматылық студенттер Президенттен көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық студенттер Президенттен көмек сұрады

02.04.2021

Алматыда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері мен оқытушы профессорлары Президенттен көмек сұрауға мәжбүр. Олардың ойы – көлік техникасы және құрылысы факультетінің лицензиясын қайтару. Студенттер мен оқытушылар кезекті рет жиналып, жанайқайын жеткізді. Шарасыз күйге түскен ата-аналар баламыздың болашағына балта шабылғалы тұр деп алаңдаулы.

90 жылдық тарихы бар оқу ордасының басшылары Білім және ғылым министрлігімен бірнеше рет соттасқан. Академияның Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында колледждері де бар. 43 сала бойынша білім беретін оқу орнының 300-ге жуық оқытушысы мен 5 мыңға жуық студентінің соңғы үміті ел Президентінде. 

Құралай Жолдасова, оқытушы:
Біз барлық талаптарға саймыз. Бізді кеп тексерсін.Сөйтіп біздің лицензиямызды берсін. Бізге осы ғана. Жылдың ортасында ата- балаларды да, ата-аналарды да шулатпай, жылатпай.+Президенттен көмек сұраймыз.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу