Бауыржан Момышұлының дивизиясында болған ардагер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Момышұлының дивизиясында болған ардагер

28.01.2014
Бауыржан Момышұлының дивизиясында болған ардагер

«Әкемнің көзін көрген қарттарым-ай,

Бойға – күш, дауа берсін, дертке Құдай.
Селдіреп күзгі бақтай қатарыңның,
Күн санап, сиреп бара жатқанын-ай...».
 
Һас батыр Бауыржан Момышұлымен бір майданда болған Сиқымбай Мамыр  ақсақал тоқсанның төртеуіне келсе де, жүрісі ширақ. Астана көшелерінде бір өзі серуендейді.
 
Кей кездері «базарға барып, керек-жарағымды ешкімге айтпай-ақ, өзім алып келемін», дейді. Бүгінде қарияның көңілі көтеріңкі болса да, зұлматты жылдар еске түссе, қатты күрсінеді.
 
Ол небәрі 16 жасында майданға аттанды. Қолына «Максим» пулеметін алып, қайнап жатқан соғыс алаңына тайсалмай кірді. Сөйтіп жүріп, Ресей, Украина, Беларусь, Польша, Венгрия, Румыния қалаларын азат етуге қатысты.
 
Сиқымбай ақсақал Кеңес одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының дивизиясында болғанын мақтан тұтады.
 
«Бауыржан батырдың алдында артық сөйлеуге қорқатынбыз. Алайда, қатал мінезінің арқасында жеңіс туын желбіреттік»,-дейді.
 
Бүгінгі бейбіт өмірге шүкіршілік еткен ақсақал: «Ел – аман, жұрт – тыныш болсын! Нәсіпті болыңдар»,-дейді.
 
Толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен көріңіз.

Хабарламаларға жазылу