Головкин-Адама жекпе-жегіне 24 мың теңгемен кіруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Адама жекпе-жегіне 24 мың теңгемен кіруге болады

24.01.2014
Головкин-Адама жекпе-жегіне 24 мың теңгемен кіруге болады
WBO және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ганалық боксшы Осуману Адама жекпе-жегінің билетін 24 мың теңгеге (153,50 АҚШ доллары) алуға болады, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл - жекпе-жектің бесінші категориялы билетінің құны.
 
Төртінші категориялы билет – 32 мың теңге (203,50 АҚШ доллары), үшінші категориялы билет – 63 мың теңге (403,50 АҚШ доллары).
 
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек ақпанның 1-нен 2-не қараған түні Монте-Карлода өтеді. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport»  телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал танымал америкалық НВО телеарнасы техникалық қиындықтарға байланысты трансляция жүргізуден бас тартты.

Хабарламаларға жазылу