Адама: Мен Головкиннен қорықпаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адама: Мен Головкиннен қорықпаймын

31.01.2014
Адама: Мен Головкиннен қорықпаймын
 
Монакода Головкин мен Адама кездесуі алдында баспасөз мәслихаты өтті. «Геннадий 1-ші ақпан күні алғаш рет жеңіліске ұшырайды. Себебі, менің қолдарым жылдам, мен одан қорықпаймын», деп мәлімдеді бірінші болып сөз алған Осуману Адама.
 
Ал, Гена болса, өз кезегінде қарсыласының жақсы дайындалғанын айтып, өзін қолдауға келген достарына алғысын білдірді. Олардың қатарында «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров та бар.
 
Головкин мен Адама арасындағы жекпе-жекті көрермен қауым «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Хабарламаларға жазылу