Жас құсбегілердің тәжірибесі толысып келеді
Таяуда Жамбыл облысында жастар арасында өткен ел чемпионаты мәресіне жетті. Елдің жеті облысының мықтылары сынға түскен сайыста Алматы облысының құсбегілеріне тең келер ешкім болмады. Сайыстың алғашқы күні құсбегілер құс патшасын қолға шақырып, шырғаға салып көрді.
Бұл сында ең жас қатысушы Серікболсын Жалғасұлының өнері жиылған жұртты бір серпілтті. Ақжелкен атты қыраны 300 метр қашықтықтан жемтігін анық байқап, 15 секундқа жеткізбей жұлып түсірді.
Жас құсбегі: «Мен бұл өнерді әкемнен үйрендім. Кейін құсымды әбден үйретіп, аңшы қыламын»,-дейді.
Испаниялық құсбегі Хуан Бернаде елге екінші рет келіп отыр. Ондағы мақсаты – қазақ бүркітшілерімен тәжірибе алмасу.
«Құсбегілік өнер алғаш қазақ жерінде қарқын алған. Бұл тек менің ғана пікірім емес, ғалымдардың зерттеуі осыны нақты айқындап берді. Біздің сіздерден үйренеріміз өте көп. Мәселен, қазақ бүркітшілері құз басынан қыран құстың балапанын алып, үйретеді. Осы тәжірибе бізге қажет»,-дейді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09