«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлаудағы қоғамдық бақылаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Коалицияның ел бойынша 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген. Байқаушылар сайлау комиссияларының жұмысын және азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалғанын жоғары бағалады. Сонымен бірге учаскелерде сайлаушылардың белсенділігі, әсіресе жастардың көптеп келгенін байқаған. Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, қазір аймақтардан жиналған мәліметтер сараланып, қорытындысы жарияланады.
Төлеген Күнәділов, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы:
Сайлау күні, дауыс беру күні байқаушыларымыздан келген ақпарат бойынша барлық үрдістер, ашылуынан бастап, дауыс беру, үй жайдан тыс жерде дауыс беру, жабылуы, қолданылмаған бюллетеньдерді жою, урналарды ашу рәсімі, санау, қорытындысын шығару, барлықтары да белгіленген тәртіппен, белгіленген заң шеңберінде орын алғанын атап өтіп отыр.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17